Жігіттің тоғыз жауы
Жазылған уақыты Қараша 14, 2007 жазған aibol
Ата-бабаларымыз елдің қорғаны , халқының қамқоры ер жігіттің тоғыз жауын атап ,одан аулақ болуды насиқат етіп сақтандырған екен।
Бірінші: Басты жауы - жалқаулық ,
Сорлататын жаныңды
Екінші: Осалдығың -анқаулық ,
Соқтырытын саныңды
Үшінші: Жасқаншақ болсаң , ұры алар,
Қоралап қойған малыңды
Төртінші: Жалатқызбас жасықтық ,
Ауызыңдағы балыңды
Бесінші: Өтірік айтсаң өңмеңдеп ,
Жоғалтасың арыңды
Алтыншы: Өсек терсең телмеңдеп ,
Суға кетірер салыңды
Жетінші: Көпірме босқа мақтан қып ,
Түкке тұрмас барыңды
Сегізінші: Көрінгенге жалтақтап ,
Бола алмайсың жағымды
Тоғызыншы: Біреуді алдап - арбаумен ,
Аша алмайсың бағыңды.
Жазылған : Ер жігіт туралы
este bolatyn narse eken:-)
jaraisin…………….
ola biler her zaman este bolsun