Зуқа батыр жайында
Ең әуелі осы барлық қазақ блогшыларын бір бүтін “Құрылыс” десек , әр бір қазақ блогшылары сол құрылыстың қаланулы тұрған ірге тастары деп білемін.
Сондықтан да алдымен блогыма жаналықтар кешігіп жазып отырғаным үшін кешірім өтінем. Қазақта айтылмай қалған сөз бар ма осы бір жақсы сөзді кірістіре кетуді жөн көрдім.
Асқар таудың басы емеспін демегін
Қаланулы ірге тасы сен өзің
дегендей мұнда да белгілі дәрежеде жауапкершілік бары сияқты. Мен бұл ретте сіздермен Зуқа батыр бабамыз жайлы өз ойымды бөлісемін. Көптен бері жазайын деп жүргем , бұл жолы сәті түсіп жазып отырмын. Алла қаласа алдағы уақыттарда осы батыр бабамыз жайлы қызықты әңгімелер
жазатын боламын.Негізінде осы бір “Зуқа батыр” атты бетті ашуымдағы мақсатым жалпылай өзімізге ғане , қазаққа ғане тән ұлттық көзқарастарымыз сияқты батыр бабалар жайында өз ой пікір , көзқарасымды ортаға салып баршаңыздың пікірлеріңізді тындау.
Менім осы бабамыз туралы жазуымдағы себебім , мен өзім осы батыр бабамыздың Моңғолиядағы ұрпақтарының бірі боламын. Батыр бабамыз Моңғолия , Қытай қазақтар арасынан туып шыққан исі Қазаққа ортақ батыр тұлға десем артық айтқандық болмас. Шыққан тегі Керейдің Ителі руынан .
Тарихымыздың қиын қыстау кезінде осы бабамыздың ұрпақтары біздер дүниеге бытырып кетіппіз. Бүгінгі таңда осы батыр бабамыздың ұрпақтары дүниенің 10 елінде өмір сүріп жатырмыз. Мұны жазып отырған себебім сол бабаларымыздың кешіп өткен сан қилы тарихынан алар тағлымымыз секілді бұның барлығының маңызы үлкен деп ойлайым және келешек ұрпақтар біздер біліп жүретін маңызды мәселе деп көремін. Кешегі басып өткен тағылымы мол сан қилы тарихымызды қалай ұмытайық , қайта күн өткен сайын сол тарихымыздың жасырын беттерін аша түсуіміз керек деп ойлаймын.
Жалпылай айтсақ тарихтағы ұлы тұлғалардың барлығы ел жерінің береке бірлігі мен халықының азаттығы үшін , бар ғұмырын сарып етіп елім деп , ата жұртты ақ найзаның ұшы , ақ білектің күшімен қорғағаны тарих шындығы.
Сол сияқты Зуқа бабамыздың да ұлы арманы елін жерін , халықын бақытты ету болды. Халқы үшін жан аямай қызымет етті. Халқына алтынның сарысын жылқының айғырын алып беріп , кедей елді тоқ етіп , елі жоққа ел болып , үйі жоққа пана болды емеспе. Солай батыр бабамыз келешек
ұрпақтары алдында атқарған еңбектері орасан зор деп айтсам артық болмас.Сол үшін де біздер бабалар алдында қарыздармыз.
Міне осылай батыр бабамыз жайлы қысқаша өз ойымды жеткіздім деп ойлаймын. Ал кеңірек мәліметтер беру үшін интернет арқылы осы батыр бабамыз жайлы ақпараттар іздестірдім бірақ өкінішке орай айтарлықтай жаңалық таппадым. Десекте Қытайдғы қандастарымыздың “бір тамшы ” атты сайтында бабамыз туралы жазыпты бірақ сайтта ескіше әріптер қолданатыны себепті оқып шыдамадым. Сол сайттан батыр бабамызға арнап крилше жазылған жақсы бір өлең жолдарын,
авторы айып етпес деген оймен осы мақалама қоса кетуді жөн көрдім.
Төменде Зуқа бабамызға арнап жазған өлең шумағы.
Қалған жоқ тек артыңда атың ғана
Айналдым рухыңнан батыр баба.
Біз түгіл , қырық құлақ қабіріңе
Сәт сайын құран оқып жатыр дала.
Ойласам өткен күнді есіл бабам,
Зарлатты қанша жанды кесір заман,
”Ер етікпен су кешіп” сол кездері,
Қанталап батып еді кешің жаман
Қондырамын қыран қып тас ұяға,
Деп жүргенде қас қылып қапяда.
Жақсылықты ұқпайтын “қара жүрек”,
Неге сенді екенсіз “Жақияға”.
Қан кештіңіз ел үшін , ертең үшін,
Сен адалдық , ақиқат семсерісің.
Ойлап тұрып мен сізді еске аламын,
”Шаруа мен жыланның” ертегісін.
Үні өшті жауыздардың салған бүлік,
Ол үшін елің болды сан қәнжілік.
Ал бүгін ұлдарың жүр жыр майданда,
Сияны қан, қаламын қанжар қылып.
әзірге осылай кейін толығырық жаза жатармын.
Жазылған : Батыр бабалар
Осы беттің афторына күллі дүние қазақтары атынан үлкен алғыс айтқым келеді . себебі күні бүгін өзінің кім екенін білмей жүрген тексіз ұрпақ аз емес .
Ізденісіңіз өте жақсы , ләйім ісіңіз ілгері болсын!!!
Серік сізге пікіріңіз үшін үлкен рахмет айтамын!