Remote Desktop деген не?

Remote Desktop деген не?
Бұл жолы мен сіздермен Remote Desktop туралы тауып білгенімді бөлісейін деп ойладым. Remote Desktop дегеніміз Desktop-ыңызға алыстан жалғану немесе Desktop-ңызды алыстан басқару деп түсінуге болады. Түсінікті болу үшін сіз үйдегі немесе жұмыс жеріңіздегі компьютеріңізді басқа алыс бір жерден Internet Explorer арқылы сол үйіңіздегі немесе жұмыс жеріңіздегі компьютеріңізге жалланып тура өз үйіңіздегі компьютеріңіз секілді керектенуге болатын мүмкіндікті жасап береді. Бір сөзбен айтсақ мейілі Америкадағы немесе Япондағы компьютерді Қазақстаннан басқаруға болады деген сөз.Тағы бір мысыл келтірсек егер сіздің компьютеріңіздің программасынан қандай бір кінәрат шықты бірақ сіз ол кінәратты жөндеп шыдамадыңыз деп ойлайық. Онда сіз осы Remote Desktop-ты пайдаланып жөндеп шыдайтын алыстағы сенімді досыңызға жөндетіп шыдайсыз деген сөз. Негізінде бұл Windows XP керектенушілерге оңтайлы және керектенілімі оңай. Бұл үшін сіз тұрақы IP адрессіңізді білген болсаңыз жеткілікті.
Олай болса қалай керектенеміз?
Ол үшін сіз

Start-Control Panel -ге кіріп System-ге кіріңіз. Жоғардағы менюден Remote-ке кіріңіз
Allow users to connect remotely to this computer дегенді жандандырыңыз
Adminstrative-мен кірем дегенді ұмытпаңыз…

Кейін Select Remote Users -ге басып кім басқаратынын көрсетіп бересіз. Қайсы бір керектенуші Admistrator құқылы болса тура кіруге болады және басқа қолданушыларды қосуы тиіс.

Егер компьютеріңізді басқа біреу керектеніп отырған жағыдайда кейінгі бет ашылып келеді. Керектенген уақытта сіздің компьютеріңіз кілттенетін болады.

Кілтін CTRL+Alt+Del басып ашуға болады
Remote Desktop Client программын тартып алып немесе CD-ден отырғызуға болады.
CD-ден отырғызған кезде Perform additional tasks-қа кіріп Set up Remote Desktop Connection-ді таңдаңыз. Windows XP Home Edition
болса отырмайды.



Программ отырған болса Start Ment-Accessories-Communication-Remote Desktop Connection деп кіріңіз.

Қосылғалы отырған компьютеріңіздің IP адрессін немесе атын кіргізіп бересіз.Options -қа кіріп басқада қажет деп көргеніңізді жөндеп тарылтып алуға болады.

Қосылатын компьютеріңіздің құпия сөзін және қолданушының атын алдын ала беруге болады. Егер артынан қайта керектенем десеңіз
сақтауға болады.

Кейін connect


Remote Desktop web connection пайдалану.
1.Add/Remove Programs
2.Add/remove Windows Components -ға кіресіз
3.Internet Information Service кейін Details түймесін
4.World Wide Web Service -ті таңдап details- қа басып кейін World Wide Web Service- ті ашыңыз.
5.Remote Desktop Web Connection ді белгілеп OK бассаңыз дайын үлгілер шығып келеді.
Отырғызып біткеннен кейін сіз Windows Xp-лі қост машинаға қандай бір компьютерден Internet Explorer 4.0-ден
жоғарғы түріндегі компьютерден қосылуыңызға болады.Онда сізге Remote Desktop Connection Client программ керек жоқ деген сөз.
Internet Explorer-ді ашып мына адрессті жазыңыз http://machinename/tsweb немесе http://202.102.53.40/tsweb (IP)
Machinename деп WINS DNS -нің Windows XP-ге негізделген машинаның атауы.

Немесе жалғанғалы отырған компьютеріңіздің IP адрессін жазып /tsweb деп жазып қосылуға болады.

Қандайда болмасын Remote Desktop Connection-ды керектенем деп шешкен болсаңыз Firewall-ыңызды сөндіріңіз.
Proxy- server -мен қосылған болсаңыз жалғанып шыдамайсыз.
Қысқаша осылай керек десеңіз сынап көріңіз. Мүмкін бір керегіңізге жарап қалар.
Жазылған : Windows XP
Jaksy Aibol!
menin kundelikti koldanatynm osy goi. RemDesktop