Пікірлер: Жаңа технологиялар

By: санжар
Ғарыш та қоқысқа толы

Бөлімi: Табиғат&экология | | Автор: Редакция

21.08.2008

Өткен жылдың ақпан айында Сан-Франциско қаласында өткен конференцияда бір топ астроном, бұрынғы астронавтар және инженерлер бірлесіп ерекше жұмыс тобын құрды. Олар 2009 жылға дейін жұмыс істеп, Біріккен Ұлттар Ұйымының жанынан жерге қауіп төндіретін аспан денелеріне қарсы күресетін арнайы қызмет түрлерін ашу туралы ұсыныс жасамақ.

Мұндай қызмет пайда болған жағдайда жердің «қорғанысына» толық жауап бермек. Яғни, жерге қарай ұшып келе жатқан астероидтардың адамзатқа қаупін анықтап, қажет болған жағдайда оның бағытын өзгерту немесе жойып жіберу, қауіпті аймақ тұрғындарын басқа жаққа көшіру жөнінде шешім қабылдайтын болады. Сөйтіп, олар үстіміздегі жылы жерге қатер төндіріп тұрған аспан денелері туралы баян-дама жасайды. Бұл баяндаманы әзірлеуге АҚШ, Ресей және Еуропа ғалымдары атсалысып жатыр. Өйткені, жерге тәулігіне миллиондаған ғарыш «тастары» шабуыл жасайды екен. Бірақ олардың көбі жердің тартылыс аймағына ене алмай, «сыртта» қалып қояды. Ендігі қауіп бізді 2036 жылы күтіп тұр. Өйткені, жерге қарай сағатына 75 мың шақырым жылдамдықпен ұшып келе жатқан «Апофис» астероиды сол жылы 13 сәуірде (жұма күні) Латын Америкасына құлауы мүмкін. Оның ақырзаман әкелетіндей қауқары болмаса да, Манагуа, Сан-Хосе, Каракас қалаларының аумағына түсіп, тұрғындарды жаншып тастауы ықтимал. Көлемі соншалық үлкен де емес, ені – 150, ұзындығы – 300 метр, салмағы миллион тоннадан асатын сопақ тас. Егер астероид сол маңдағы мұхитқа құласа, ол жерде диаметрі 8 шақырымға жететін үлкен шұңқыр пайда болып, мұхит айдыны шайқалады. Жағалаудағы елді мекендерге биіктігі 20 метрге жететін Цунами «шабуыл» жасайды. Жалпы, аспаннан шағын тас кесектерінің түсетіні жалған емес. Тіпті, жерге мыңдағаны құлайды. Ал ғалымдардың көзіне олардың тек аз ғана бөлігі түседі.

Сол сияқты Айды «шабуылдаушылар» да көбейген. НАСА ғалымдары айдың салмағының жыл санап артып бара жатқанын және ондағы сілкіністердің жиілей түскенін де хабарлауда. «Ғарыштағы қоқыс» – метеор жерге келіп соғылса, ол бірден өртеніп кетеді, – дейді Ресейдегі Штернберг институты Айды зерттеу бөлімінің меңгерушісі В.Шевченко, – атмосферасы жоқ Ай бетіне соқтыққан метеор қатты сілкініс тудырып қана қоймайды, түскен жерінде қалып қояды. Өйткені бірнеше жылдың ішінде жер серігіне 1700 метеорит «шабуыл» жасап, 9 әуе кемесіне соқтыққан. Соның салдарынан Айдың салмағы жыл санап артып келеді екен. Сол сияқты ғалымдарды кейінгі кездері Ай сілкіністерінің жиілеп кетуі де алаңдатып отыр. Ай сілкіністерінің де сипаты жердегіге қарағанда басқаша. Ондағы сілкіністер кем дегенде 10 минутқа созылады, тіпті, тербеліс 1 сағатқа созылатын кездері де болады екен. Ал жердегі дүмпулер әрі кетсе 2 минутқа ғана созылады. Демек, Ай сілкінісінің бұлайша ұзақ уақыт болатын себебі – оның бетінде су жоқ. Сондай-ақ, «Жердегі мұхит сулары тербелісті төмендетуге әсер етсе, Ай ұзақ уақыт дірілдеп тұра береді» – дейді ғалымдар. НАСА ғарыш агенттігі осы жоғарыда сөз болған «Апофис» астероидымен күреске 300 млн. АҚШ долларын жұмсамақ. Ғалымдар Жерді аспан денесінің шабуылынан сақтаудың амалдарын қарастырып жатыр. Оның екі амалы бар. Бірі – астероидты термоядорлық реактордың көмегімен атқылап, жойып жіберу немесе бағытынан тайдыру. Екіншісі – «жетекке» алып, оны жер орбитасынан аулаққа апарып тастау. Әрине, бұл екі жағдайда да ғалымдарға көп тер төгу керек болады. Ол үшін астероидтың химиялық құрамын, тығыздығын зерттеп, қанша бомба керек екенін, ататын жерді дәл есептеп шығару керек. Онда «Апофиске» ғарышкерлерді жіберуге тура келеді. Қазіргі кезде АҚШ мамандары бұл мәселенің шешімін іздестіруде. Егер бұл жоспар іске асса, адамзат ғылымында тағы да бір қарыштап қадам жасаған болар еді. Десек те, ғарыш қоқысқа тола бастаған көрінеді. Өйткені, өткен жылы Қытай елі ғарыштағы өз ресурсын тауысқан спутнигін жарды. Одан бірнеше мың жарқыншақ ұшты. Ал биыл АҚШ USA-193 атты барлау спутнигін жарып, соның салдарынан орбитаға үш мыңдай жарқыншақ байқалған. Міне, соңғы кездері осылай ғарыш кеңістігі түрлі зымыран ұшқан кезде оның отынынан ауаға тасталатын зиянды заттар мөлшері 300 тоннаға дейін жетеді екен. Егер де Байқоңырдан жылына 30 зымыран ұшыратын болса, сонда ауаға төгілетін зиянды заттар мөлшері жыл сайын 9000 тоннаға дейін жетеді екен. Бұл – өз кезегінде жетіқат көкте ұшып жүрген ғарыш кемелері мен спутниктерге үлкен қауіп төндіруде деген сөз.

Демек, ғарышта қаптап ұшып жүрген әлгі спутниктерді өз ресурстарын тауысқан деп, оны ғарышта жарып жібере беретін болсақ, сөз жоқ, ғарыш та қоқысқа толары анық. Сондықтан, ғалымдар тездетіп бұған басқа бір амал ойластырған да жөн секілді.

ХАМЗА СУХАНБЕРДИН

ИНЖЕНЕР-ЭКОЛОГ

Қызылорда қаласы

By: nurbolatuli
Айбол сен білесің бе? Мұндай телефонды біздің қазақтар да жасай алады. Әдемі-ақ, тек біздің шикізаттан пайда тауып, майшелпекке бөгіп қалған көкелер оны қолдағысы жоқ!